ҮЙДЕ ТЫНЫШ БОЛУЫ ҮШІН

23-03-2003 «Шудан қорғау» ҚНжЕ сәйкес дыбыс оқшаулау бойынша жоғары талаптарды қамтамасыз ету үшін заманауи дыбыс оқшаулау және дыбыс сіңіруші материалдардың қолданысын қарастырамыз.

Image removed.

Жиі тыныштықта демалғымыз келетін кездер болады, алайда көршілердің жөндеу жұмыстарының, көшедегі автокөлік қозғалтқышының шуы көз ілдіруге немесе жұмысқа кірісуге кедергі келтіреді. Ұдайы шудың ортасында өмір сүру ашуымызды туғызады, басымызды ауыртып, күйзеліске түсіреді.

Қалалардағы жер бағасының қымбаттауы құрылысшылар мен тапсырыс берушілерді қабат саны көп, қоршау конструкцияларының қалыңдығы аз ғимараттар көтеруге итермелейді, осылайша олардың дыбыс оқшаулау көрсеткіштері төмен түседі.

Үйде тыныштық, мамыражайлық пен жайлылық орнауы үшін әзірлеуші 23-03-2003 «Шудан қорғау» ҚНжЕ сәйкес дыбыс оқшаулау бойынша жоғары талаптарды қамтамасыз ету үшін бірнеше конструктивтік шешім қолдануы тиіс.

Тиімділігі жоғары дыбыс оқшаулау және дыбыс сіңіру материалдарын пайдаланбастан, жұмыс жасауға немесе өмір сүруге жайлы жағдай қамтамасыз ету мүмкін емес.

23-03-2003 ҚНжЕ сәйкес, шу соғылатын және естілетін болып бөлінеді. Қоршау конструкциялардың естілетін шуын оқшаулау индексі Rw мен соғылатын шу индексі Lnw (бөліністер) үшін тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындардың қосалқы ғимараттарының  ішкі қоршау конструкцияларының дыбысын оқшаулау нормалары анықталды. Сонымен қатар сыртқы қоршау конструкциялардың (оның ішінде терезелердің) дыбысын оқшаулау нормалары сақталуы керек; Rтранс – сыртқы шуды қалалық көлік легінен оқшаулау.

Естілетін шуды ішкі қоршау конструкцияларымен Rw оқшаулау индекстерінің және тұрғын үйлер үшін келтірілген соғылатын шу индекстерінің Lnw нормативтік мәні мынадан аспауы керек:

бөліністер үшін:

  • жайлылығы жоғары үйлерде (А санаты) – 55 дБ;
  • жайлы үйлерде (Б санаты) – 58 дБ;    
  • жайлылығы шекті рұқсат етілетін үйлерде санаты) – 60 дБ.

қабырғалар мен пәтерлер арасындағы аралықтар үшін, пәтерлердегі жайлар, саты алаңы арасында:

  • А санатты үйлерде – 54 дБ;
  • Б санатты үйлерде – 52 дБ;
  • В санатты үйлерде – 50 дБ.

бөлмелер арасындағы аралықтар үшін, бір пәтердегі асүй мен бөлме арасында:

  • А санатты үйлерде 43 дБ;
  • Б және В санатты үйлерде – 41 дБ.

бір пәтердің санитарлық торабы мен бөлмесі арасындағы аралықтар үшін – 47 дБ.

«KNAUF Insulation» компаниясының аса тиімді дыбыс оқшаулау материалдарын өндіру үшін жоғары технологиялы жабдық пайдаланылады. Материалдар тақтайлар мен маттар түрінде өндіріледі.

Астаса өрілген нәзік әйнек талшықтар көптеген ұсақ қуыстар түзеді, осылайша жоғары деңгейде дыбысты сіңіру қамтамасыз етіледі. Дыбыс оқшаулағыш ішіне ене отырып, тербелетін ауа бөлшектері өз энергиясын жоғалтады, талшықтар беткейіне соғылып, дыбыстық толқын энергиясы қарқынды түрде жоғалады.

Сапалы дыбыс сіңіргіш материалды анықтауға дыбыстың сіңірілу коэффициенті а – сіңірілген дыбыстық энергияның құлаушыға қатынасы көмектеседі.

Материалдар дыбыс сіңіру көрсеткіштері бойынша І, ІІ немесе ІІ санатқа бөлінеді, әрбір диапазонда – төмен (Т), орташа (О) және жоғары (Ж) жиілікке бөлінеді. Ең жоғары, демек үздік көрсеткіштер І санатта, ол a ≥ 0,8 деген мәнге ие болуы тиіс.

 «KNAUF Insulation» компаниясы  өндірген, қалыңдығы 50 мм «Акустикалық аралық» тақтайының көрсеткіші ТОЖ-311, басқаша:

  • төмен (Т) жиіліктер (63–250 Гц) саласында III санатқа (a = 0,2–0,4);
  • орташа (О) жиіліктер (500–1000 Гц) саласында I санатқа (a ≥ 0,8);
  • жоғары (Ж) саласында I санатқа (a ≥ 0,8) жатады.

Қалыңдығы 100 мм «Акустикалық аралық плюс» тақтайының көрсеткіші ТОЖ-211.

Қабылданған халықаралық жіктеліс бойынша (ISO 11654), бұл акустикалық материалдар тақтайлар үлгісінде жасалады және дыбыс сіңірілу индексіне сәйкес келеді aw = 0,90 және І санатқа жатады, мұны зерттеу нәтижелері растап отыр. АкустиKNAUF КНАУФ-тақтайлар (ГҚТ) мен КНАУФ-супертақтайлардан (ГТТ) жасалған бөлме арасындағы аралықтар жүйесінде дыбыс оқшаулаушы қабат ретінде Rтранс (ғимараттардың барлық санаттарына жарамды оқшаулау) сияқты көпқабатты конструкциялардың дыбыс сіңіру коэффициентінің жоғары мәніне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ғимараттың нақты типі үшін акустикалық материалдармен толтырылған КНАУФ-тақтайлардан аралықтың керекті конструкциясын «KNAUF Insulation» компаниясының «Ақпараттық материалдар және рұқсат етуші құжаттар каталогынан» таңдауға болады.

«KNAUF Insulation» материалдарын пайдалану 23-03-2003 ҚНжЕ бойынша естілетін шу көрсеткіштерін өмір сүру үшін жайлы жағдайға (А санаты) қойылатын талаптар деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік береді.


«KNAUF Insulation» сарапшылары тек акустикалық материалдар үшін емес, шығарылатын өнімнің бүкіл ауқымы үшін жоғары сипаттамаларға қол жеткізді.

Дыбыс оқшаулау үшін пайдалануға ұсынатынымыз:

ТЕГІН «ЖЫЛЫ ЖЕЛІ» ТЕЛЕФОНЫ  8 (800) 700-600-5