Жаңа оқшаулағыш атақты атымен және күшті кейіпкермен!

ТеплоKNAUF NORD!

By knauf_insulation
July 15, 2019

«КНАУФ Инсулейшн» компаниясы жаңалықты - ТеплоKNAUF NORD ұсынады! Бұл компанияның соңғы жылдары ішіндгі ең озық әзірлемесі және ТеплоKNAUF маркалы өнімдер тізбегін дамыту жолындағы маңызды қадам.

ТеплоKNAUF NORD өзінде ТеплоKNAUF көп жылдық тарихында әзірленгеннің арасынан ең үздігін біріктірді. Оның жасауында сарапшылар тобы еңбек етті. Осы топтың алдында Ресейдің түрлі өңірлерінде оқшаулау бойынша ең күрделі тапсырмаларды жеңіл шешетін мінсіз өнімді әзірлеу тұрды.

Қазақстанның күрт құбылмалы континенталдық климат үшін мінсіз жарайтын өнімді жасауға тырыса отырып, біз қатал климаты бар, үй иелері үйлерді оқшаулау үшін материалдарды таңдауына өте байыпты кірісетін, ал құрылыс материалдардың қауіпсіздігі пен экологиялылығына артылған назар аударылатын елдердің – Швецияның, Финляндияның және Канаданың тәжірибесін мұқият зерттеп шықты.

Төсеніштің бүтіндігін сақтайтын mono layer бір қабаттап өндіру тәсілінің және Fine Fiber супер иілгішті талшықты өндіруінің бірегей жаңа технологиясының, сондай-ақ 33%-ға* ұлғайтылған талшықтар санының арқасында жаңа материалдың бірқатар бірегей артықшылықтары болады. Осы артықшылықтар жаппай сегменттегі қарапайым оқшаулағыштармен салыстырғанда ең жоғары сатыға қояды:

warm.jpg - NORD 15 %-ға жылырақ**, бұл оқшаулау қабатының қалыңдығын азайтуға және оқшаулауда үнемдей беріп, тұрғын жайдың көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
tree.jpg NORD – қатты! Осы материалдың қаттылығы мен иілгіштігі 40%-ға артылған, бұл құрастыру жылдамдығын үш есе арттырады және еңбек шығындарын үнемдейді, сондай-ақ 50 жылдан астам құрылымдағы оқшаулағыштың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
wcleaner.jpg NORD 20 %-ға шаңы аздау, бұл күн қайнап тұрғанда да еңісті төбеге оқшаулағышты жайлы құрастыруға және жиі себезгіге уақытты жоғалтпауға мүмкіндік береді.
moisture.jpg NORD ылғалға төзімділігі 10 %-ға көбірек, бұл қасбетті жаңбырдан кейін бірден оқшаулауға жалғастыруға мүмкіндік береді.

ТеплоKNAUF NORD — әмбебап өнім, ол төбені, қаңқалы қабырғаларды, ішкі аралықтарды және қабат аралық жабындарды оқшаулау үшін тамаша жарайды. ТеплоKNAUF NORD өнімі ECOSE технологиясы бойынша өндіріледі және құрамында фенол-формальдегидті және акрилді шайырлар болмайды.

Ал оны құрастыруымен құрылыс саласындағы сарапшы да, үйін алғаш рет оқшаулап отырған жаңа бастаушы да жақсы орындай алады. Оқшаулағыш құрылымда сенімді бекітіледі де, кәсіби емес құрастырудың салдарын кешіреді.

ТеплоKNAUF NORD таңдай отырып, сізге оқшаулау бойынша ең күрделі тапсырмаларды жеңіл шешуге мүмкіндік беретін оның мінсіз сапалық сипаттамаларына сенімді бола аласыз. 

Өнім туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:

ТеплоKNAUF NORD. Характер северный.

 

*Төбе мен қабырғалар үшін ТК материалымен салыстырғанда.

**Осында Жабындар үшін ТК, әрі қарай Төбе мен қабырғалар үшін ТК материалымен салыстырғанда.