Новость

КНАУФ Инсулейшн нарыққа беріктігі жоғары мембраналарды және үлдірлерді шығарады

By
July 29, 2021

КНАУФ Инсулейшн сұрыпталымы енді КНАУФ Қорғаныс брендімен мембраналарды және үлдірлерді қамтиды.

Осы жүйелік шешім оқшаулағышты ылғалдан және желден қорғалған мембранамен және су мен будан оқшауланған үлдірмен жиынтықта қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа өнімдердің екеуі де жоғары беріктікке ие және ыңғайлылық пен құрастыру уақытын қысқарту үшін желімдік жолағымен жабдықталған. Желімдік жолақтың бар болуы құрастыруды жылдамдатып қана қоймай, оның құнын төмендетеді – өндірушінің бағасы бойынша, 10%-fa.

«КНАУФ Защита» АХ мембраналары екі жағынан тоқылмаған полипропилен кенеппен бекітілген микрокеуекті су өткізбейтін қабаттан тұрады. Олар көгеріп қалудың, бактериялардың және УК-сәулелердің ықпалына төзімді. Ал мембраналардың жоғары бу өткізгіштігі құрылыс құрылымдардан артық ылғалдың «шығуына» көмектеседі. Материал оқшаулағышпен жанасқан кезде төбе мен қабырғаларда су өткізбеушілікке кепілдік береді («ақшатыр» әсері жоқ). Сонымен, КНАУФ Қорғаныс АХ жаңа мембраналарын тарту және бекіту оңай – 115 гр/м2 дейін ұлғайтылған материалдың тығыздығының арқасында.

КНАУФ Қорғаныс D ылғалдан және будан оқшауланған үлдірдің жоғары иілгіштігі және жоғарылатылған беріктігі құрастыру мен қолдану барысында елеулі механикалық күштерге төзуге мүмкіндік береді. Материал буды өткізбейді, оның сутіректілігі жоғары болады. Үлдір оқшаулағыштың жылуды сақтау сипаттамаларын сақтайды және бүкіл құрылымның қызмет мерзімін ұзартады. Арнайы әзірленген өрілген негіз өрілген негізі жоқ материалдармен салыстырғанда үлдірдің тығыздығын 5 есе арттырады. Үлдір Қазақстанның барлық климаттық аудандары үшін бірдей жақсы жарай береді, ал оның ерекше күңгірт беті температуралар ауысқан кезде конденсаттың түзілу мүмкіншілігін 10%-fa азайтады (жылтыр бетпен салыстырғанда).

Ресейдегі КНАУФ Инсулейшннің бас директоры Павел Вишняков: «Біз өнімдерімізді кәсіби құрылысшылар ғана емес, үй иелерінің өздері де қолданатынын білеміз. Және де біз олардың тапсырмаларын қуанышпен жеңілдетеміз: жаңа материалдардың қаптамаларында барынша қысқа, әрі қарапайым нұсқаулықтар келтірілген, желімдік жолақ қарапайым, ыңғайлы және жылдам құрастыруды, ал жоғарылатылған тығыздық беріктік пен қорғаныс сенімділігін қамтамасыз етеді».