Новость

Бұл жылу оқшаулаудан артық...

By
August 30, 2021

Eurima минералды мақтаның негізінде жылу оқшаулауыштар өндірушілердің еуропалық қауымдастығы «жылы оқшаулауыштың қоршаған ортадағы ластағыштар концентрация деңгейіне ықпалы» тақырыбына зерттеу өткізді.

Eurima минералды мақтаның негізінде жылу оқшаулауыштар өндірушілердің еуропалық қауымдастығы «Жылы оқшаулауыштың қоршаған ортадағы ластағыштар концентрация деңгейіне ықпалы» тақырыбына зерттеу өткізді

Зерттеу нәтижелері ғимараттардың жылу оқшаулауы бөлменің ішіндегі жайлы микроклиматты жасай отырып, халықтың аурушаңдық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ атмосфераға көміртегінің лақтырындыларын айтарлықтай азайтуға, осылайша ауаның сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жылуды оқшаулау энергия ресурстарының тұтынуын үнемдеуге көмектесетіні, парниктік газдардың лақтырындыларын азайтатыны, энергетикалық қауіпсіздікті және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны бұрыннан дәлелденді. Алайда, жылуды оқшаулаудың денсаулық сақтау саласында қоғам үшін бірқатар артықшылықтарға ие екендігі және әлеуметтік маңызы бар екендігі бәріне мәлім бола бермейді

Еуропалық қауымдастық өткізген зерттеу қоғамға жылуды оқшаулаудан нақты бір әлеуметтік пайдасы болатынын көрсетеді. Ол тіршіліктің сапа деңгейін және оның қаржылық құрамдас бөлігін арттыруында болады. Жылуды оқшаулау ғимараттың ішкі ортасын салқындатқан және оқшаулаған кезде қолданылатын энергияның тұтынуын азайтады және нәтижесінде атмосфераға көмірқышқыл газының лақтырындыларын төмендетеді.

Зерттеуде 2005-2020 жж. кезеңі ішінде ғимараттарды оқшаулаудың екі нұсқасын салыстырды: ғимараттардың 2%-ға жаңартуын есепке ала отырып, жылуды оқшаулау бойынша жетілдірілген сценарий (тек қабырғалар, шатыр және еден есепке алынған, терезе мен желдету есепке алынбаған) және жылуды оқшаулау бойынша қарапайым шаралар ұсынылды. Зерттеудің алғашқы кезеңі озон, күкірт қос қышқылы және көміртегі қышқылы сияқты атмосфераны ластайтын лақтырындылардың ауа сапасына ықпалына арналған. Екінші бөлігінде бұл тіршіліктің әлеуметтік аспектілеріне – халықтың денсаулығына және қаржылық құрамдас бөлігіне қалай ықпал ететіні қарастырылады.

Зерттеуден жылуды оқшаулаудың көмегімен ең алдымен энергия ресурстарына шығатын материалдық шығындар қысқартылатыны және екіншіден тіршілік ортасының адам өмірі үшін қауіпсіздігі артатыны деген қорытынды шығады. Себебі парникті газдардың атмосфераға лақтырындылары азаяды және қоршаған ортаны ластайтын заттектердің концентрациясы азаяды

Ақпарат EURIMA минералды оқшаулауышын өндірушілердің еуропалық қауымдастығының материалдарының негізінде дайындалды:  http://www.eurima.org/uploads/Modules/Mediacentre/eurima-press-release_29-10-2015_web.pdf.