Жекеменшік үйдегі мансарданы жылыту
Үйіңіздің мансардасы бар ма? Сапалы материалдарды пайдалана отырып, оны кәсіби түрде жылытыңыз. Бұл бүкіл үйдің энергиясын тиімді үнемдеуді қамтамасыз етеді және сізге жыл бойы қосымша жылы қабатты пайдалануға мүмкіндік береді. Мансарданың жылуын оқшаулау үшін Knauf Insulation компаниясы сізге ECOSE® технологиясы бойынша өндірілген, орам мен маттардағы Knauf Insulation ыңғайлы әрі тиімді минерал мақталы жылытқыштарын ұсынады. Олардың пайдасы елеулі болмақ.
Мансарданы ТеплоKNAUF материалдарымен жылытудың артықшылықтары:
- күз-қыс мезгілінде жылытуға кететін шығынды айтарлықтай төмендетеді;
- тұрғын емес жайды тұрғын жайға айналдыруға мүмкіндік береді;
- итарқа жүйесін ылғалдың әсерінен қорғайды;
- ғимаратты жылдың кез келген мезгілінде тұруға жарамды етеді.