40 ЖЫЛДАН АСТАМ ТӘЖІРИБЕ

Біз оқшаулау материалдары саласындағы ең жылдам дамып келе жатқан және құрметке ие компаниямыз. Біз клиенттерімізге үйлер, коммерциялық және тұрғын емес ғимараттар салуда, сонымен қатар өнеркәсіптік пайдалануда энергия үнемдеу, орнықты даму саласында өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға көмектесеміз.

Кто мы такие

РЕСЕЙДЕГІ КНАУФ ИНСУЛЕЙШН

350-ден астам ҚЫЗМЕТКЕР

Компанияда 350-ден астам қызметкер жұмыс жасайды, олар екі өндірістік алаң мен бүкіл Ресей бойынша еңбек етеді.

Ресейде 2 өндіріс алаңы бар

Компанияның минералды жылу және дыбыс оқшаулағыш өндіретін Мәскеу облысы, Ступино қаласы мен Түмен облысы, Түмен қаласында екі заманауи зауыты бар.

Табиғи компоненттерден жасалған өнім

Тек табиғи компоненттер қолданылады, ешбір фенол-формальдегидті және акрил шайырлар қосылмайды.

КНАУФ ИНСУЛЕЙШН ӘЛЕМ БОЙЫНША

€1.6 МИЛЛИАРД

Айналымы 1.6 миллиард еуродан асатын мықты әрі тұрақты қаржылық көрсеткіштер.

5000-нан астам ҚЫЗМЕТКЕР

Компанияда бүкіл әлем бойынша 35 елдің 37 өндірістік алаңында 5000-нан астам қызметкер еңбек етеді.

КНАУФ ИНСУЛЕЙШН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
АДАМГЕРШІЛІК, ӘРІПТЕСТІК, ІСКЕ БЕРІЛГЕНДІК, КӘСІПКЕРЛІК ЖІГЕР
КНАУФ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ

КНАУФ бұл негізін қалаушылардың тегі, сонымен қатар әлемдік КНАУФ компаниялар тобының атауы.

КНАУФ ТОБЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

27 400-ден астам ҚЫЗМЕТКЕР

Компанияда 27 400-ден астам адам жұмыс жасайды, олар әлемнің 70-тен астам еліндегі 220 зауытта еңбек етеді.

€ 6.5 МИЛЛИАРД

Компанияның 2016 жылғы айналымы €6.5 миллиардты құрады.

КӨПҰЛТТЫЛЫҚ

1932 жылы іргетасы қаланған КНАУФ құрылыс материалдары мен жүйелер өндіретін, қызметкерлері түрлі ұлт өкілдері болып табылатын отбасылық компания. Бастапқыда гипстен жасалатын қарапайым құрылыс материалдарын өндіріп бастаған ол қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша құрылысқа арналған дайын жүйелер мен кешенді шешімдер ұсынады.

Бизнестің негізгі бағыттары:

  • Құрылысқа арналған құрғақ қоспалар және гипс сылақтары
  • Оқшаулағыш материалдар
  • Құрылыс пен өнеркәсіпке арналған материалдар құю және қалыптау