МАНСАРДАЛАР. ДҰРЫС ЖЫЛЫТАМЫЗ

Мақалада мансарданы жайғастыруда жиі жіберілетін қателіктер қаралған, «KNAUF Insulation» компаниясының жылу оқшаулау материалын дұрыс пайдалану бойынша ұсынымдар берілген.

Image removed.

Үйдің түр-түрі болатыны сияқты оның иесінің де талғамы мен қызығушылығы да түрлі болып келеді. Алайда барлығы үйдің қыста жылы, жазда салқын болғанын қалайды. Қыста жылу мен жазда салқын болуы – әрбіріміз үшін жайлылықтың синонимі. Шаңырақтың жылуын сақтап, оңтайлы шығындануға болады – тек таңдалған жоғары сапалы жылу оқшаулау материалдарын дұрыс қолдану қажет. Олар өз даму жолында біршама жетілді және бүгінгі таңда олардың арасында үздік атанғандары жылуды жоғалтудан түбегейлі қорғанысты қамтамасыз етуге қабілетті. Әйнек штапельдік талшық негізіндегі өзінің жылу оқшаулау материалдарын сапалы жылу оқшаулау материалдары нарығында көш бастап жүрген «KNAUF Insulation» компаниясы ұсынады.

Заманауи талшықты жылытқыштар ғимараттардың көптеген конструктивті элементтерінде кеңінен пайдаланылады. Жабын мен қабырғалар, топырақ үстіндегі бөліністер мен едендер, жертөле мен ғимараттың астыңғы қабаты – бұл конструкциялардың барлығы сенімді бекітілуі тиіс.  

Жылытқыштар өз салмағынан артық салмақты көтермейтін қоршау конструкцияларында «KNAUF Insulation» компаниясы тығыздығы төмен әйнек талшықтан жасалған материалдарды пайдалануды ұсынады. Олар жоғары жылу оқшаулаушы қасиетке ие, жанбайтын материалдар тобына жатады және ғимараттардың еңіс жабыны, шатыр және қабатаралық бөліністер, сыртқы қабырғалары конструкцияларында кеңінен пайдаланылады. Материалдар жоғары төзімділігімен және серпімді қасиеттерімен, тамаша акустикалық қасиетімен ерекшеленеді, бұл да теңдессіз артықшылық.

Мынаны түсіну қажет: ең үздік деген жылу оқшаулауыш материал оның қайда және қалай қолданылатынын түсінбесе, күткеніңдей болмауы мүмкін. Коттедж және азқабатты құрылыста мансардалық қабаттарды салудың әлемдік беталыстарын ескеріп, Ресейдегі жылытқыштарды пайдаланудың құрылыс тәжірибесін қорыта отырып, «KNAUF Insulation» компаниясы қолданылу ерекшеліктерін ескеретін материалдар әзірлеп, өндіреді.

Мансарда – аспанға қарап, жұлдыз санап, армандайтын немесе қолға жақсы кітап алып, қарбалас тіршіліктен тыныштықта демалатын орын, бұл тұста  «KNAUF Insulation» материалдары өзінің басымдылығын дәлелдеп,  сізге пайдалы бола алады. Үйіңізде жайлы, мамыражай өмір сүру үшін ең жиі кездесетін қателіктерге назар аударып, біздің бірнеше кеңестерімізге құлақ асқаныңыз жөн:

  • жылу оқшаулау материалының қалыңдығын дұрыс таңдамау – ең көп кездесетін жағдай. Жабын түрлі температуралық өзгерістерге төтеп береді, жазда +70oС дейін қызып, қыста –30oС дейін салқындайды. Мансарданы жылытқанда жылу оқшаулау материалы температуралық айырманы реттейді; жылытқыш қалыңдығының жеткіліксіздігі мансардалық қабаттағы микроклиматтың нашарлауына, температура, ылғалдылық, қабырға беткейлері температурасы бойынша параметрлердің нормативтік құжаттарға сәйкессіздігіне әкелуі мүмкін. «KNAUF Insulation» жылытқыштары –60-тан + 180oС-қа дейінгі температура аралығында сенімді қызмет етуге қабілетті;

  • жабын немесе қабырға қабаттарын жайғастыру технологиясының бұзылуы жылу оқшаулағыштың біртіндеп ылғалдануына, нәтижесінде қорғаныс қасиеттерінің жоғалуына әкеледі. Шығар жол: бу оқшаулау мембраналарын жылытқыштың жылы жағынан, ал желден-судан қорғау мембраналарын салқын жағынан қолданып, желдетілетін саңылауларды дұрыс орнату қажет;

  • пластикалық терезелер мен есіктерді, бу оқшаулау мембраналарын кеңінен пайдалану құрылыс конструкциялары бітеулігінің артуына әкеледі. Бәрі жақсы-ау, алайда бұл жайдың ішінен су буларының шығуын қиындатады да олардың ылғалдық режимін бұзады. Түйткілдің шешімі оңай: жобаны әзірлеу кезеңінде жайдың табиғи немесе мәжбүрлі түрде желдетілуін қарастырып, оны нысанда сапалы орнату қажет;

  • сәйкес келмейтін жылытқыштарды пайдалану (жеткілікті деңгейде қатты, серпімді болмауы), материалдың геометриялық өлшемдерін дәл таңдамау, сонымен қатар төсеу технологиясындағы олқылықтар (сырғуы, жылжуы, нәтижесінде жылу оқшаулау жаймасында ашық жерлердің, «салқын жіберетін көпірлердің» болуы). Мәселені шешу нұсқалары – мақсатына сай жылытқыштарды қолдану, тігістерді жаба отырып, жылытқышты екі қабат етіп төсеу.

Білім күш пен сенімділік береді. Жоғары сапалы «KNAUF Insulation» материалы мен оны дұрыс қолдану технологиясы кез келген үйдің жылуын ондаған жылдар бойы сақтап тұрады. Компания сарапшылары өз ғимаратыңыздың жылуын қорғауда күрделі техникалық сұрақтарға жауап табуға қуана көмектеседі.

Мансарданы жылыту үшін пайдалануға ұсынатынымыз:

ТЕГІН «ЖЫЛЫ ЖЕЛІ» ТЕЛЕФОНЫ  8 (800) 700-600-5