Шарт жасау

Жаңа клентпен Шарт жасасу рәсімі:

1.«Дебитор үлгісі». қосымшасындағы дебитор үлгісін толтырыңыз. Барлық жолдарды міндетті түрде толтыру қажет.

2. Толтырылған дебитор үлгісін: Larisa.Nezdaimen@knaufinsulation.com  электронды поштасы арқылы жолдаңыз. 

3. Сіз жолдаған дебитор үлгісін қабылдап, өңдегеннен кейін, Сізге дебитор үлгісінде көрсетілген электронды поштаға КНАУФ Инсулейшн өнімдерін жеткізу шарты жіберіледі.

4. Шартты және онымен бірге ұсынылатын құжаттаманы қабылдағаннан кейін, реквизиттеріңіздің дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Егер талаптармен келіссеңіз, Сіздің тарапыңыздан қол қойылған Шарттың екі данасын және қажет болған жағдайда басқа да құжаттарды (мысалы, Қосымша келісімшартты): 142804, Мәскеу обл., Ступинск ауданы, Индустриальная көш., 2-ші қожалық мекенжайына жолдаңыз.

Шарт бойынша келіспеушілік болған жағдайда: Larisa.Nezdaimen@knaufinsulation.com  электронды мекенжайына келіспеушілік хаттамасын қарауға жіберіңіз..

5. Сіздің тарапыңыздан келген Шарттарға КНАУФ Инсулейшн тарапынан қол қойылып, бір данасы Сізге қайта жіберіледі.

6. В (20 паллетадан астам) және С категориясына жататын тауарға тапсырыс бергенде, толтырылған және мөрімен бірге қол қойылған кепілхатты тапсырыспен бірге жолдау міндетті талап саналады.